+7 771 551 55 66

Заказать звонок

Мемлекеттік шекарадан өту тәртібі өзгертілді!

15/02/2021

Legal Services Provider компаниясы 2021 жылғы 09 ақпанда ВАК отырысында Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа тәртібі бекітілгенін хабарлайды.

 4 ақпаннан бастап елден тыс жерлерге шығатын адамдар үшін белгілі бір жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтарына 30 тәулікте 1 рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кез келген мақсатпен шекарадан өтуге рұқсат етілген. Күндерді санау азамат Қазақстанға оралған күннен басталады. Бұл кезеңділік емделуге, жерлеуге, отбасының ауыр науқас мүшелерін күтуге, оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, басқа мемлекетке тұрақты тұруға және т.б. шығу мақсатында құрлықтық өткізу пункттері арқылы шекарадан өтетін қазақстандықтарға қолданылмайды. Азаматтардың бұл санаты 30 күндік аралықты сақтамай, елден кете алады. Шетелге емделуге шығатын Қазақстандықтарда өзімен бірге Қазақстанның медициналық мекемелері беретін 026/у анықтамасы болуы қажет.

Шекара қызметінде Қазақстан азаматтары әуе қатынасы арқылы шекарадан ешқандай шектеусіз өте алатындығын атап өтті.

Бүгінгі күні Ресеймен, Беларусьпен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Грузиямен, Германиямен, Нидерландымен, Түркиямен, біріккен Араб Әмірліктерімен, Египетпен, Оңтүстік Кореямен, Мальдивпен, Шри-Ланкамен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Сондай - ақ, жаңа қағидалар бойынша "С10", "В8" санатындағы қолданыстағы Қазақстан визасы немесе қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттар (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлік және басқалары-нотариалды куәландырылған аудармасы бар) болған кезде этникалық қазақтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Қазақстанға кіруіне рұқсат етіледі, бірақ 30 күнде 1 реттен аспайды.


---------

Құжаттың түпнұсқасы: 

https://drive.google.com/file/d/1_XN_B0tlG2S4MDzd5wS31KqpjB-TShKr/view?usp=sharing