+7 771 551 55 66

Заказать звонок

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ САНЫН КӨБЕЙТТІ

13/05/2021

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешімі бойынша тұрақты халықаралық авиарейстерді ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Келесі рейстер пайда болады:

Черногория

15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Подгорица – Алматы бағыттары бойынша және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейс жиілігімен Нұр-сұлтан – Подгорица – Нұр-сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстерінің ашылуы.

БАӘ

10 мамырдан бастап Алматы – Дубай – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстер санын әрбір тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр – сұлтан – Дубай-Нұр-сұлтан бағыттары бойынша әрбір тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайту.

Қырғызстан

15 мамырдан бастап Қазақстандық тарап үшін аптасына 7 рейс жиілігімен Алматы – Тамчы – Алматы бағыты бойынша Қырғызстанмен жолаушылар рейстерінің ашылуы.

Өзбекстан

15 мамырдан бастап Өзбекстанмен Алматы – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша әр тарап үшін аптасына 2 рейс жиілігімен жолаушылар рейстерінің ашылуы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 20 мамырынан бастап "Эйр Астана" АҚ – ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағыты бойынша рейстерді орындауды аптасына 1 рейс жиілігімен Атырау – Амстердам-Атырау бағыты бойынша рейстерді орындауға кезең-кезеңімен ауыстыруға рұқсат етілді, бұдан әрі нидерланды тарапынан шектеулер алынып тасталды.