Көші-қон қызметінің барлық бөлімшелерінде шетел азаматтарына шақыру хаттары 2024 жылғы 19 ақпаннан бастап жаңа нысан бойынша қабылданатын болады.
Бұл өзгеріс Бүркіт ақпараттық жүйесін жаңартумен байланысты, оған көші-қон қызметі қызметкерлері шақыратын шетелдіктердің деректері енгізіледі.
Жаңа нысанда мынадай қосымша бағандар көзделген:
- паспорт берілген ел;
- шетелдіктің шетелде тұратын елі;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек деректері;
- және басқалар.
Жаңа форманың электрондық нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады.